Сіз оқығанды жақсы көресіз бе? Оқыған дүниеңізді жаныңызға жақын адаммен талқылағанды ұнатасыз ба? Мүмкін Сіз өзіңіз жазатын шығарсыз (өлең, әңгіме, ән және т.б.) және өз жұмысыңызды Сөздің шынайы қадірлеушілеріне көрсеткіңіз келетін шығар? Сізді басқа авторлар шынымен қызықтырады және олардың пікірлерін тыңдауға, сондай-ақ біреудің жұмыстары туралы өз ойыңызды білдіруге дайынсыз ба? Сізге пікірлес адамдардың арасында жанды бейресми қарым-қатынас жетіспейді ме? Егер Сіз осы сұрақтардың көбіне оң жауап берсеңіз, біздің әдеби клубқа қосылыңыз.
«BOOKPArnas» ашық әдеби клубы Көкшетау қаласы мен Ақмола облысында заманауи поэзияны, проза мен авторлық әнді қолдау, әдебиетті насихаттау, кітап пен әдебиетке қатысты түрлі шығармашылық жобаларды іске асыру мақсатында құрылды. 2017 жылдың соңында клубтың құрылтайшысы «Әлем әйелдерінің достығы орталығы» ҚБ болды. Кейінірек әдеби клуб Көкшетау қаласының тарихы музейінде тұрақтады. Мұнда бұрын әдеби клуб белсенділерінің бастамасымен жазушы Анастасия Цветаеваның Көкшетаудағы өміріне арналған экспозиция ашылған болатын.
Клубтың бастамашыл тобын Көкшетауда және одан тыс жерлерде танымал ақындар мен публицистер, журналистер мен филологтар, өлкетанушылар мен қоғамшыл тұлғалар құрайды. Олардың қатарында: Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын Рена Жұманова, ҚР журналистер Одағының мүшесі Әлия Ахетова, өлкетанушы Гульчехра Перлей, филолог Ольга Тимофеева, ақын Виктор Осипов, прозашы Дана Жантемірова, журналист Вероника Бурда және басқалар бар. Ағартушылық жұмыспен айналысатын әдеби клуб өзінің қысқа тарихында әдеби және әдеби-өлкетану сипатындағы бірқатар қызықты да танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Олардың қатарында — 2017, 2018, 2019, 2020 жылдарда өткізілген Цветаева фестивальдері мен алаулары. 2019 жылы Көкшетау қаласының тарихы музейімен бірлесе әдеби клубтың «Анастасия Цветаева Көкшетауда» атты брошюрасы жарық көрді. 2020 жылы Рена Жұманованың жаңа өлеңдер кітабының жарық көруіне арналған алғашқы поэтикалық квартирник өтті.
2020 жылы әдеби клуб белсенділері павлодарлық әріптестерімен бірлесіп, «Александр Невский» Бүкілресейлік тарихи-әдеби сыйлығы байқауына қатысып, «Анастасия Цветаева Қазақстанда» жобасы үшін дипломант атағына ие болды.
Әдеби клубтың алдағы жоспарында шығармашылық кездесулер, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер, жаңа кітаптардың тұсаукесерлері бар.