Бүгін Көкшетау қаласының тарихы музейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жүзеге асыру аясында ақпараттық сағат өтті. Кезекті отырыс барысында музей ұжымымен экскурсовод Р.Мақашев әзірлеген “Сыбайлас жемқорлық көріністерімен байланысты жағдайлардағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері” тақырыбындағы баяндама тыңдалып, талқыланды.