22 желтоқсан күні Көкшетау қаласының тарихы музейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет этикасын, қызметтік тәртіпті сақтауға бағытталған «Адалдық – патриотизм негізі» атты дәріс өткізілді. Іс-шара барысында Музейдің ғылыми қызметкері А.Сатыбаева ұжым назарына тақырыптық дәріс ұсынып, қызметкерлер жеке тұлғаның негізін қалайтын адамгершілік нормалары, қызметкерлердің құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру туралы әңгімелесті.
