Көкшетау қаласының тарихы музейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет этикасын, қызметтік тәртіпті сақтауға бағытталған «Адалдық – ардың ісі» атты дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында экскурсиялық-көпшілікпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі К. Нұрғалиева әріптестер назарына тақырыптық дәріс ұсынып, қызметкерлер жеке тұлғаның негізін қалайтын адамгершілік нормалары, қызметкерлердің құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру туралы әңгімелесті