Көкшетау қаласының тарихы музейінің «Марина мен Анастасия Цветаевалар қоры» жаңа жәдігермен толықты!
Музей жанынан ашылған «BOOKPArnas» әдеби клубының белсенді мүшесі, жергілікті жас дарын Дана Жантемірова А.И. Цветаеваның «Кәрілік және жастық шақ» (бастапқы атауы «Көкшетау туралы естеліктер») повесін қазақ тіліне аударды. Туындының республикалық «Жұлдыз» әдеби-көркем журналының 5 және 6 сандарында жарияланған қазақ тіліндегі нұсқасын автор музей қорына тарту етті. Қостілді қаламгер, ақын, әрі проза жанрының көрнекті өкілі Дана Жантеміроваға алғысымызды білдіріп, шығармашылық жолында тек сәттілік тілейміз.




