1 маусымнан бастап жазғы мектептердің оқушылары Музейге жүйелі түрде келуде. Музейдің экспозициялық және көрме залдарымен қатар Бұқпа шоқысы төбесіндегі шолу алаңындағы және Абылай хан атындағы алаңдағы жаяу экскурсиялар арқылы жас жеткіншектер туған қаламыздың тарихымен, көрікті жерлерімен және тарихи ескерткіштерімен танысуда.