«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Туған жер-туған ел» арнайы жобасы аясында Көкшетау қаласының тарихы музейі көшпелі тарихи-этнографиялық көрме жұмысын бастады. 2022 жылдың 12 сәуір күні Зеренді ауданы Дөңгілағаш орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары үшін Көкшетау қаласының әр жылдардағы келбетін бейнеленген дәріс-фотокөрме мен өткен ғасырдағы қаланың өмірі мен мәдениетінен сыр шертетін жәдігерлерден тұратын этнографиялық көрме ұйымдастырылды.


