Қ.И.Сәтбаевтың ескерткіш-бюсті. 2001 жылдың қазан айында Қ.Сәтбаев және Е.Әуелбеков көшелерінің қиылысында атақты қоғам қайраткері, геолог, ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне орнатылған. ҚР экология министрлігінің нұсқауымен ғимарат біздің қаламызда орнатылды. Бюст қоладан жасалған, ал постаменті қара лабрадориттен жасалған. Бюсттің биіктігі 0,8 метр, ал постаменті 2 метр. Беткі жағында «Академик Қаныш Сәтбаев» деп мәтін жазылған. Авторы: мүсінші Т.Жұмағалиев, архитекторы К.Нарысов.