17 наурыз күні Ақмола облысы мәдениет басқармасына қарасты музейлердің ұйымдастыруымен «РИО» сауда орталығында Наурыз мейрамына арналған «Тарихқа тағзым» атты көрме өтті.
Көрмеде Көкшетау қаласының тарихы музейі жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарының назарына XIX ғ. соңы XX ғ.басындағы қала келбеті, 1950-1960 жылдардағы нысандар мен көрікті жерлер, сонымен қатар заманауи Көкшетау фотосуреттерін ұсынды.


