8 наурыз — көктем мерекесі қарсаңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Сәбитова музей ардагерлері мен қызметкерлерін мерекемен құттықтап, музейдің дамуына, тарихи — мәдени мұраны сақтауға, туған өлке тарихын насихаттауға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Алғыс хаттармен марапатталғандар арасында — Жанашева Светлана Николаевна, Перлей Гульчехра Шамсидиновна, Әмірғожина Майра Темірханқызы, Ахметова Торғын Кеңесқызы, Биляло ва Айым Бекжанқызы және Сеилова Маржан Дүйсенбекқызы бар. Музейіміздің ардагерлері мен әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!


