2011 жылы 9 тамызда Көкшетау қаласында Бурабай трассасы жағынан қалаға кіре берісте орнатылған дала тұлпары Құлагерге арналған жаңа монументалды ескерткіштің ашылуы өтті. Ескерткіштің биіктігі — 8,5 м, ені — 3 м, салмағы – 6 тонна. Ескерткіштің авторы — Астана қаласы Суретшілер одағының мүшесі Қанат Нұрбатыров.