Қанай би атындағы көше.

Қанай би (Қанай Құттымбетұлы, 1695-1780, Көкшетау жерінде туған) — қазақ биі, шешен, Орта жүз қазақтарының көсемдерінің бірі, ірі қолбасшы, Абылай ханның бас кеңесшісі,қоғам қайраткері, Ташкент қаласының (бек) басшысы.

XIX ғасырда көше Тюремная деп аталды.

1938 жылы СҚО Көкшетау ауданы Көкшетау қалалық Кеңесі Президиумының қаулысымен ҚазССР В.И. Чапаев атындағы көше болып өзгертілді. Василий Иванович Чапаев (1887-1919жж.) Қызыл Армия дивизиясының бастығы, Бірінші дүниежүзілік және азамат соғысының қатысушысы болды.