Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс — шаралар шеңберінде, туған өлке тарихына деген сүйіспеншілік пен патриотизмді тәрбиелеу мақсатында 2021 жылы 9 маусым күні Көкшетау қаласының тарихы музейі №12 ОМ бастауыш сынып оқушыларына «Сүйікті қалам-Көкшетау» атты жаяу экскурсия өткізді.

        Жаяу экскурсия Абылай хан атындағы орталық алаңынан басталып, заманауи «Тәуелсіздік» алаңында аяқталды. Оқушылар қаламыздың ескі ғимараттары мен көшелерінің тарихымен, оның ескерткіштері мен көрікті жерлерімен танысты. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған стеланың құрылу тарихы балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жаяу экскурсия барысында балалар қаланың өткен тарихымен және Ақмола облысының әкімшілік орталығына айналған қазіргі Көкшетау қаласының тарихымен танысып, Тәуелсіздік жылдарында болған өзгерістер мен жетістіктерді көрді.

         Көкшетау қаласының тарихы музейі жұмысының танымал формасына айналған жаяу экскурсиялар балаларға мәдени құндылықтарды, туған қаласына деген патриоттық пен сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге көмектеседі.