Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкері А.Н.Куц «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Ақмола облыстық филиалында өткен «Халықтың рухани мұрасы — экономика мен әлеуметтің табысты дамуының негізі» атты қоғамдық пікірталасқа қатысып, көпшілік назарына «Тарихты сақтау және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі музейдің рөлі» тақырыбында дәріс-көрме ұсынды. Мәдени және адамгершілік құндылықтарды сақтау, жас ұрпақты өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатындағы пікірталас Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті студенттері мен «Шанс» әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығы үшін өткізілді.



