ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығына арналған «Тәуелсіздік жылдарындағы Көкше тарихы» жобасы

Жобаның мақсаты – Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарын көрсету, елдің тәуелсіздік тарихын сақтау, зерделеу және дәріптеу. Қазақстандықтардың жас буынында патриотизм және өз Отанының тағдыры үшін азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, тарихи сана-сезімді, мәдени, рухани, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігін нығайту.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде еліміздің және Көкшетау қаласының тарихи даму фактілерін, естеліктерді, фото-құжаттық, мұрағаттық материалдарды жинау, сақтау, зерделеу және насихаттау.

Жобаның өзектілігі: 

2021 жыл – әрбір қазақстандықтың өміріндегі ерекше кезеңді бейнелейді. 30 жыл бойы тарихи дамуда керемет серпіліс жасап, қазақстандықтар қуатты, серпінді, қазіргі заманғы мемлекет құру жолында бірлесе еңбек етіп келеді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы – Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің, ұлттық қауіпсіздікті, тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілік пен келісімді нығайтудың, Қазақстанда тұратын әрбір халықтың ұлттық құндылықтарын, мәдени өзіндік ерекшелігін сақтаудың, руханилықты жандандырудың, патриотизмді және ел үшін мақтаныш сезімін қалыптастырудың жарқын символы.

Жобаның міндеттері: Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын көрсету. Көкшетау қаласының Тәуелсіздік жылдарындағы тарихы бойынша естеліктер мен материалдарды жинау, зерттеу және сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, «Музейге жәдігер сыйла» акциясын өткізу, «Тәуелсіздік жылдарындағы Көкше тұлғалары» тақырыбында зерттеу жұмысын ұйымдастыру, «Елімнің тәуелсіздік жолы» көрмесін, жастарға арналған «Қазақстан: жетістік тарихы» интеллект-шоуы, «Көкшетау: Тәуелсіздік шежіресі», «Көкшетау Тәуелсіздік жылдарында: кәсіпорын тарихы» онлайн-айдарлары, онлайн-экскурсиялар, дәрістер, іс-шаралар, кездесулер, қаланың көрікті жерлері бойынша «Сүйікті қалам – Көкшетау», бақылау алаңынан «Кокшетау с высоты» атты  экскурсиялар ұйымдастыру, жоба қорытындысы бойынша брошюра шығару.