«Ұлттық мұра — ұрпаққа аманат» музейлік жобасы «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын жүзеге асыруға арналған. 

Жобаның мақсаты:

Қазақ халқының ұлттық, мәдени құндылықтарын, салт-дәстүрлерін сақтау, зерделеу, дәріптеу, оларға ұқыпты қарау. Халықтың өмірін, тұрмысын, салт-дәстүрін, мәдениетін бейнелейтін, былғарыдан, сүйектен, ағаштан, метал

дан, жүннен, киізден бұйымдар жасау дәстүрлерін, тәсілдерін сақтаған сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің, халық шеберлерінің, қолөнершілердің жұмыстарын көпшілікке тарату. Қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің, халық шеберлерінің, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан халықтық қолөнер дәстүрлерін тасымалдаушылардың шығармашылығына қызығушылықты қалыптастыру.

Патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті сақтау, оның құндылықтары мен дәстүрлерін әрбір қазақстандық ұрпақтың өмірінде жаңғырту.

Жобаның өзектілігі:

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері халықтың рухани, көркем мәдениетінің, дүниетанымының, салт-дәстүрінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Сәндік-қолданбалы өнер туындыларының құндылығы – табиғи әлемді, материалдық, рухани мәдениетті бейнелейтіндігінде. Бұл әсіресе біздің заманымызда халықтық өнердің рухани маңыздылығы артуда.

Халық қолөнеріне деген қызығушылықтың жандануы зергерлердің, ағаш, тері, сүйек, киіз, металл бойынша жұмыс шеберлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын дәстүрлі өнерін сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді.

Бұл жоба халық қолөнерінің дәстүрлі түрлерін насихаттауға, Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жаңа есімдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жобаның міндеттері:

Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан халық қолөнерінің дәстүрлерін сақтаған және жаңғыртқан жас суретшілердің, халық шеберлерінің, қолөнершілердің есімдерін анықтау. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының жәрмеңке-көрмелерін ұйымдастыру, шеберлік сыныптарын өткізу. «Білгенге – маржан!» онлайн-айдары арқылы халық шеберлерінің  шығармашылығын, қазақ халқының салт-дәстүрін, рухани мұрасын сақтау және дәріптеу.