2000 жыл-Көкшетау қаласында Б.Момышулы көшесі, 55 мекенжайында тұңғыш қазақ кітапханасы ашылды.
2000 жыл-Чапаев көшесі, 32 мекенжайында орналасқан бұрынғы В.В.Куйбышев мемориалдық музейінің негізінде Көкшетау қаласының тарихы музейі құрылды.
2000 жыл-қараша айында «Көкшетау» қонақ үйінің алдындағы алаңда орнатылған үлкен тастың жартысында Г.А. Медведев Көкшетау қаласының құрылған күнін ойып салды.
2000 жыл-Көкшетауда А.Мырзахметов атындағы жекеменшік университет ашылды.
2000 жыл-ЖШС «Көкше-байланыс» қалада «Kceel» ұялы байланысы өкілдігін ашты.