2021 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Көкшетау қаласының тарихы музейі сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Музейге жәдігер сыйла» акциясына қатысуға шақырады.
Акцияның мақсаты – туған қаламыздың ел Тәуелсіздігінің қалыптасып, нығаю кезеңіндегі тарихын сақтау. Музейге құжаттар, фотосуреттер, баспа өнімдерін, тұрмыс және интерьер заттарын, киім, аксессуарлар, алғашқы гаджеттер және еліміздің 1990-2000 жылдардағы тарихынан мағлұмат беретін кез келген заттарды сыйға тартуға болады. Музей жәдігеріне айналған әрбір затқа «жаңа өмір» сыйланып, өткен тарихымыздың куәгері ретінде экспозицияда және түрлі музейлік көрмелерде көпшілік назарына ұсынылатын болады.
Акцияның барлық қатысушылары сыйлықтарға ие болады және музейге сый тартушылар Кітабына енгізіледі! Сіз өз есіміңізді қала тарихында қалдырудың бірегей мүмкіндігіне ие боласыз! Тарихты бірге сақтайық!
Біздің мекенжайымыз: Көкшетау қ., Қанай би, 32
Байланыс телефондары: 8(716-2) 26-46-84, 8(716-2)26-57-86
Ұялы тел: 8-702-637-44-61
Қанай би көшесі аялдамасына дейін № 1, 8, 12, 13, 14, 17,19 автобустармен жетуге болады. Телефон шалып хабарлассаңыздар, музей қызметкерлері сіздерге өздері келеді.
