1996 жыл – қаланың шығыс бөлігінде Ғалым атындағы мешіт салынды.
1996 жыл – қаламызда Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры өз жұмысын бастады.
1996 жыл — 10 сәуірде ҚР Үкіметінің №415 қаулысымен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды.
1996 жыл – Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау педагогикалық институты, С.Сәдуақасов ат. ауылшаруашылығы институты және Қарағанды политехникалық институты филиалы негізінде Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университеті құрылды.
1997 жыл — Қазақстанда «Қазақстан — 2030» Стратегиялық даму жоспары қабылданды.
1997 жыл – Тұңғыш Президенттің Жарлығымен 3 мамырда құрамына сол уақытта 16 аудан,4 қала және 10 қала типтес елдімекен кірген Көкшетау облысы таратылып, облыс территориясы Солтүстік Қазақстан облысы құрамына өтті. Көкшетау қаласы облыс орталығы мәртебесінен айрылды.
1997 жыл – экономикалық қиындықтарға байланысты қаланың ертеден келе жатқан прибор жасау зауыты (КПЖЗ) өз жұмысын тоқтатты.
1997 жыл – Ақан сері көшесінде Қасиетті Антоний атындағы рим-католиктік шіркеуі ғимараты салынды.