1994 жыл — Көкшетау ауыл шаруашылығы институтына 1923 жылғы Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, публицист, республиканың ағарту халық комиссары, еліміздің бірінші жоғары оқу орны — Қазақ пединститутының (ҚазПИ) ректоры Смағұл Сәдуақасовтың (1900-1933) есімі берілді.

1994 жыл— КДА зауыты «Тыныс» ААҚ болып қайта құрылды.

1995 жыл – Көкшетау облысының Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы құрылды.

1995 жыл — Көкшетауда медициналық-әлеуметтік мекеме -75 мүгедек баланың тәулік бойы тұрақты тұруына арналған Көкшетау балалар психоневрологиялық диспансері ашылды.

1995 жыл – 4 қыркүйекте Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің музейі ашылды.