- 1992 жыл-– табиғи ағаштан қазақтың ұлттық нақышындағы халық тұтынатын тауарлар шығаратын жеке кәсіпорын «Блэк» ЖШС құрылды (негізін қалаушы және директоры-Ю.Е. Никитенко).
- 1992 жыл — осы жылдан бастап жыл сайын Көкшетау қаласында Славян жазуы мен мәдениеті күні қайта атап өтіле бастады.
- 1992 жыл — Пролетарская (қазіргі Ақана-сері) көшесінде Облыстық тері-венерологиялық диспансер жаңа ғимарат алды.
- 1993 жыл — тұңғыш мемлекеттік емес университетке (қазіргі «Көкше» академиясы, ректор Ж.Қасымов) студенттер қабылданып, қазақ лицейі және фольклорлық-этнографиялық театр-студиясымен біріге отыра эксперименталды оқу кешенін құрады.
- 1993 жыл — 7 қазанда орыс тіліндегі атауларды транскрипциялау туралы ҚР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысы шықты: Кокчетав облысы — Көкшетау облысы, Кокчетав қаласы — Көкшетау қаласы.
- 1993 жыл — 25 қарашада Көкшетауда айырбастау пункттері жұмысын бастады.
- 1993 жыл — автомеханикалық және механикалық техникум негізінде жаңа оқу орны — политехникалық колледж құрылды.
- 1993 жыл — 26 қаңтарда «Риск-Бизнес»жарнамалық газетінің бірінші нөмірі жарыққа шықты.
- 1993 жыл — «Болашақ» балаларды қайта оңалту орталығына Горький көшесі бойында 100 орындық ғимарат бөлінді.
