«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем»
Қазақстан Республикасы күніне арналған фотокөрме
Көкшетау қаласының тарихы музейінде Республика күніне орай «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты дәріс-көрме өтті.
Фотокөрменің негізгі мақсаты – еліміздің бай тарихын, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, туған жердің көрікті орындары мен мәдени мұрасын насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және туған елге деген мақтаныш сезімін арттыру.
Сонымен қатар, музейде Қазақстанның қалыптасу тарихы, мемлекеттік тәуелсіздіктің маңызы мен еліміздің бүгінгі жетістіктері туралы дәріс өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстанның тарихы мен ұлттық құндылықтары туралы мағлұмат беріліп, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірі дәріптелді








