2026 жылғы 9 қазанда Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлері № 4 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына «Көкшетау қаласы көшелерінің тарихы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар қала көшелерінің пайда болу және даму тарихымен танысып, олардың бұрынғы атаулары, сондай-ақ көшелерге есімдері берілген белгілі тұлғалар туралы мәлімет алды.
Дәріс оқушылардың тарихи білімін кеңейтуге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, мәдени мұраға құрметпен қарауға және туған қалаға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.