Бүгін «Музейге жәдігер сыйла» акциясы аясында музей қоры құнды жәдігермен — халқымыздың дәстүрлі қолөнерінің озық үлгісі саналатын сырмақпен толықты.
Сырмақ — халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, ұлттық талғамы мен шеберлігін айшықтайтын құнды мәдени мұра.
Қолөнер шебері Үмітжан Кәрібайқызының қолынан шыққан осынау бағалы бұйымды музейге сыйға тартқан ұл-қыздары Берік пен Жанар Сүлейменовтерге тарихи мұрамызды сақтауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!
Осындай игі бастамалар арқылы ұлттық құндылықтарымыз жаңғырып, өткеннің өнегесі келешек ұрпаққа жетеді.




