Бүгін Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов Көкшетау қаласының тарихы музейіне арнайы келіп, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында қала тарихын дәріптеуге бағытталған жаңа жобалар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Нұрғиса Мұратұлы Көкшетаудың бай тарихын болашақ ұрпаққа аманаттау жолындағы музей ұжымының жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар, басқарма басшысы алдағы уақытта мәдени ошақтың материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелеріне баса назар аударылатынын атап өтті.