Құрметті көкшетаулықтар және қала қонақтары!
Сіздерді қазақ сөз өнерінің заңғары, Қазақ тарихын алтын әріппен жазып кеткен аңыз жазушы Ілияс Есенберлиннің әлеміне саяхат жасауға шақырамыз!
2026 жылдың 29 шілдесі күні, сағат 15:00-де Көкшетау қаласының тарихы музейінде жазушының Атбасардан арнайы келетін әдеби музейінің көшпелі көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Көрмеде сіздерді не күтеді?
📜 Жазушының өз қолымен ұстаған бірегей жеке заттары мен құжаттары;
📸 Тарихтан сыр шертетін сирек фотосуреттер мен отбасылық жәдігерлер;
📚 Қаламгердің тұрмыстық бұйымдары мен сирек кездесетін кітаптары;
💡 Ұлы тұлғаның шығармашылық өмір жолымен жақыннан танысу мүмкіндігі.

Ұлттық рухты жаңғыртып, тарих қойнауына бірге бойлайық!
Кіру тегін, келем деушілерге есігіміз айқара ашық!