Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Арна» Көкшетау жоғары колледжінде «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты іс-шара өтті. «Халық жауы» атанып, жазықсыз жапа шеккен жандар арасында ұлт жанашырлары, біздің жерлес қайраткерлеріміз Зарап Темірбеков, Ибрагим Салахов, Әбілқайыр Досов, Смағұл Садуақасов, Науан Хазірет, Шәймерден Қосшығұлұлы, Үкілі Ыбырай, Өтелбай Жұмабайұлы және т.б бар.
Іс-шара барысында музей қызметкері А. Ж. Сатыбаева оқушылар мен ұстаздар назарына еліміздің осынау қасіретті кезеңі тарихына арналған бейнебаян мен танымдық дәріс ұсынды.