Көкшетау қаласының тарихы музейінің директоры, белгілі ақын, журналист, халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При иегері, «Серпер» жастар сыйлығының және «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алмас Қажыбайұлы Темірбай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және куәлігімен марапатталды!
Руханият майталманына бұл лайықты марапатты Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжанов салтанатты түрде табыстады.
Құрметті Алмас Қажыбайұлы! Өңіріміздің мәдениеті мен мұрасын ұлықтап, Көкшетау қаласының тарихы музейін жаңа деңгейге көтеру жолындағы қажырлы еңбегіңіз бен шығармашылық қаламыңыздан туған туындылар — ұлт игілігі. Сөз өнері мен музей ісін қатар өрбітіп жүрген еңбегіңіздің мемлекет деңгейінде биік бағалануы — бүкіл ұжымымыз үшін зор мақтаныш!
Сізді лайықты марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге сарқылмас шабыт, шығармашылық толайым табыстар және абыройлы биіктер тілейміз! Қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосар үлесіңіз еселене берсін!

Ізгі тілекпен, музей ұжымы