Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғылыми-зерттеу бөлімі меңгерушісі Гүлмира Зарапова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды! Бұл – музей ұжымы үшін үлкен мәртебе, зор қуаныш!
Құрметті Гүлмира Қарақайқызы! Жоғары марапатыңыз құтты болсын! Сізге сарқылмас қуат, толайым табыстар мен шығармашылық шабыт тілейміз! Деніңіз сау, отбасыңыз аман болып, абыройыңыз әрқашан асқақтай берсін!
