Көкшетау қаласының тарихы музейінде қаламыздың №1 мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай «Ел намысы – ер намысы» атты іс-шара өтті.
Өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел шебін қорғаған батырлар мен әскери қызметшілердің ерлігін насихаттауға бағытталған іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасу тарихы, қазіргі заманғы сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігі және еліміздің қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген тұлғалар туралы мағлұмат алып, тақырыптық фотокөрмені тамашалады.