2026 жылғы 14 сәуірде Көкшетау қаласының тарихы музейі №10 орта мектепте «Көкшетау қаласындағы білім беру тарихы» тақырыбында дәріс-көрме өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қаладағы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихымен таныстыру болды. Сабақ барысында оқушылар Көкшетау қаласының өткен тарихы, алғашқы оқу орындары және олардың даму кезеңдері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар музей қызметкерлері дайындаған фотокөрме оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, оларға ескі Көкшетау дәуірінің атмосферасын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді



