Қазақ халқының ұлттық киімі — өзінің бай тарихымен, әдемі дизайнымен және мәдени маңыздылығымен ерекше.
Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлерімен Ұлыстың ұлы күні мейрамына арналған Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық киім күні №10 орта мектепте «Бір жәдігер тарихы» атты танымдық дәріс-көрме өткізілді. Оқушылардың назарына дәстүрлі киімдер мен оның элементтерінің, ою-өрнектерінің мән-маңызы туралы дәріс және тақырыптық этнографиялық көрме ұсынылды.








