17 наурыз күні Көкшетау қаласының тарихы музейі Көкшетау қаласының №4 мектебінде «Көне ғимараттар — тарихты сақтаушылар» атты дәріс-көрме ұйымдастырды.
Іс—шара барысында оқушылар қаламыздың XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басына жататын сәулет ескерткіштерімен танысты. Музей қызметкерлері ұсынған фотокөрме арқылы оқушылар Көкшетаудың өткеніне саяхат жасап, әр ғимараттың тағдыры мен оның қала қалыптасуындағы рөлін тереңірек білді. Көне суреттердегі ағаштан қиып салынған үйлер мен кірпіштен өрілген сәулет нысандары балалардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын оятты. Мектеп оқушылары туған қаласының әрбір көне ғимараты — тірі тарих екеніне көз жеткізіп, өлкетану бағытындағы білімдерін толықтырды.