Алғыс айту күнінде Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі, қырық жыл бойы Зеренді ауданына қарасты Ортақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, өскелең ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, жүздеген шәкірттерге білім нәрін құйған ұлағатты ұстаз, көп балалы ана Мәрзия Мағзұмқызына ыстық ықыласқа толы шәкірттік ризашылық пен зор құрметімізді білдірдік. Бүгінде 87 жасқа толған ардагер ұстаз, 15 немере, 10 шөберенің аяулы әжесі Мәрзия Мағзұмқызына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!