Ақпанның 18 күні Зеренді ауылының Мәдениет үйінде көрнекті журналист, жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Зеренді ауданының Құрметті азаматы Жанайдар Мусиннің 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара аясында Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлері біртуар тұлғаның шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында фотосуреттер көрмесін ұйымдастырып, көпшілік назарына ұсынды. Қаламгердің ғибратты ғұмырынан сыр шертетін фотокөрмені іс-шара қонақтары мен ауыл тұрғындары қызыға тамашалады.