17 ақпан күні Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлері «Зерек» балабақшасында «Ағаш бұйымдардың сыры» атты этнографиялық дәріс-көрме өткізді. Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған асыл мұраны дәріптеп, ұлттық қолөнердің қыр-сырын таныту.
Көрме барысында бүлдіршіндер ағаштан ойып жасалған көне жәдігерлермен танысып, олардың тұрмыстағы маңызы туралы қызықты деректерді тыңдады. Музей қызметкерлері әрбір бұйымның жасалу жолы мен қазақ мәдениетіндегі орны туралы әңгімелеп, балалардың танымдық көкжиегін кеңейтті. Мұндай көшпелі шаралар кішкентай бүлдіршіндердің бойында ұлттық мақтаныш сезімін оятып, тарихқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Тарих пен тәрбие ұштасқан бұл күн балалар үшін есте қаларлықтай ерекше өтті.


















