Бүгін Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театрында жазушы, публицист Жанайдар Мусиннің 90 жылдығына арналған «Ол жазды атын өлместей, Көкшенің көркем тасына…» атты еске алу кеші өтті. Ауқымды мәдени іс-шара аясында Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлері зиялы қауым, мәдени мекемелердің қызметкерлері, студент жастар мен қала тұрғындарының назарына көрнекті қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған фотокөрме ұсынды.









