29 қаңтар күні Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Көкшетау: тарих парақтары» атты көрме-дәріс өтті. Іс-шара Көкшетаудың құрылу тарихына арналған танымдық әңгімеден басталды. Музей мамандары қаланың көне тарихы, мәдени мұрасы мен экономикалық даму белестері туралы құнды деректермен бөлісті. «Көкшетау: тарих парақтары» атты көрме студенттердің зор қызығушылығын тудырды. Студенттер Көкшетаудың сұлулығы мен тарихын ұлықтайтын жыр шумақтарын тебірене оқып, іс-шараның шырайын келтірді. Іс-шара соңында студенттер арасында қала тарихына қатысты интеллектуалды викторина өткізілді.
