Ұлттық құрылтай — жай ғана жиын емес, бұл ата-бабамыздан қалған демократиялық дәстүрдің заманауи үлгісі. Музей қызметкері ретінде мен бұл бастаманы ұлттық кодты жаңғыртудың негізгі тетігі деп есептеймін.
Құрылтайда көтерілген мәселелердің ішінде тарихи сананы жаңғырту мен құндылықтарды ұлықтауға ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Біздің музей қорларында сақталған жәдігерлер — жай ғана зат емес, олар ұлттың рухы мен мемлекеттілік тарихының шынайы куәгерлері. Музей — нағыз білім ордасы. Құрылтайда айтылған «Адал азамат» концепциясы музейлер арқылы жастардың бойына отансүйгіштік қасиетін ұялату идеясымен тікелей үндеседі.
Мемлекет басшысының мәдениет пен ғылымға басымдық беруі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз тек өткенді сақтап қана қоймай, оны заманауи тілде сөйлетіп, келер ұрпаққа аманаттауымыз керек. «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» демекші, Ұлттық құрылтай — тарихымызды түгендеп, болашаққа нық қадам басуға бағытталған маңызды қадам.
Ұлттық құрылтай шешімдері музей саласының дамуына, жәдігерлеріміздің насихатталуына және ұлттық рухтың асқақтауына үлкен септігін тигізеді деп сенемін. Біз, музей мамандары, бұл бағытта аянбай еңбек етуге дайынбыз!

Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Г.К.Зарапова

 

Состоявшийся Курултай  с участием Президента Республики Казахстан, обозначил ключевые приоритеты развития страны, подчеркнув важность гармоничного сочетания социально-экономических задач с духовно-культурным развитием общества. Особое внимание в ходе Курултая было уделено вопросам культуры, развитию креативных индустрий, сохранению национальных традиций и формированию читающего поколения как важнейшей основы интеллектуального и ценностного развития казахстанского общества. Значимой инициативой стало предложение министра культуры Республики Казахстан Аиды Балаевой о создании комиссии по формированию перечня книг, рекомендованных к переводу и изданию, включая произведения молодых современных авторов. Данная инициатива направлена на поддержку отечественной литературы, расширение читательского круга и воспитание интереса к книге у молодёжи. Как сотрудник музея истории города Кокшетау, отмечаю актуальность обозначенных инициатив, которые способствуют укреплению исторической памяти, преемственности культурных традиций и формированию осознанного, читающего поколения. В целом Курултай подтвердил последовательный курс на развитие Казахстана как современного государства с прочным культурным фундаментом и активным участием общества в культурной жизни страны.

Сартова О.В. зав отделом научно-исследовательского обеспечения фондов Музея истории города Кокшетау

 

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтайда көтерген бастамалары — еліміздің рухани тәуелсіздігі мен ұлттық болмысын нығайту жолындағы стратегиялық қадам. Мен Мемлекет басшысының еліміздің тарихи-мәдени мұрасын әлемдік деңгейде таныту мен оны цифрландыруға қатысты идеясын толықтай қолдаймын.
Бүгінде «Хандар шежіресінің» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енуі және Маңғыстаудың жерасты мешіттерін әлемдік мұра ретінде ұсыну — біздің бай тарихымыздың халықаралық мойындалуы. Алайда, заман талабына сай, бұл жәдігерлер тек музей қорларында немесе архив сөрелерінде сақталып қана қоймай, цифрлық кеңістікке де көшіру тиіс. Сондықтан Президент ұсынған «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру идеясы — мұрағат материалдары, музей жәдігерлері мен өнер туындыларын жүйелеп қана қоймай, ұлттық құндылықтарымыздың жаңа дәуірдің ажырамас бөлігіне айналуына жол ашады.

Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкері А.Қ.Әміржанова

 

В этом году вопросы и инициативы, вынесенные на обсуждение национального курултая, вновь вызвали интерес среди широкой общественности. Радует, что большое внимание президент уделяет развитию музейного дела, креативной индустрии и развитию культуры в целом. В очередной раз был поднят вопрос о необходимости продвижения духовно-культурного наследия Казахстана на международной арене. Сегодня Казахстан входит в число 25 ведущих стран по количеству объектов нематериального культурного наследия, внесенных в список ЮНЕСКО. Безусловно, это должно быть предметом гордости каждого казахстанца, каждого истинного патриота нашей страны и нашей культуры. Уверена, что в этом направлении мы добьемся еще более значительных успехов, ведь Казахстан — это место с богатой историей и глубокими культурными традициями.

А. Сатыбаева. Научный сотрудник Музея истории города Кокшетау