Бүгін, қаңтардың 19 күні Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қаламыздың Жоғары құрылыс-технологиялық колледжінде «Көкшетау көшелері тарихтан сыр шертеді» атты танымдық көрме-дәріс өтті. Шара барысында студенттер назарына қала тарихынан сыр шертетін арнайы слайдтар мен тақырыптық жылжымалы көрме ұсынылып, туған өлкенің қалыптасу жолы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы құнды деректер айтылды. Болашақ құрылысшы мамандар Көкшетаудың көне көшелері мен ғимараттарының өткеніне саяхат жасап, слайдтар арқылы қала келбетінің өзгеру тарихымен танысты. Дәріс барысында көше атауларының шығу тегі мен тарихи тұлғалардың есімін ұлықтау мәселесіне де баса назар аударылды. Іс-шара соңында қала көшелерінің атауларына қатысты викторинаға белсенді қатысқан жастар музей атынан арнайы кәдесыйларға ие болды.