https://youtube.com/shorts/vu3OUD81q1Q?feature=share

15 қаңтар күні Ақмола облысы мәдениет басқармасының алқа отырысында Көкшетау қаласының тарихы музейінің 2025 жылғы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, мекеменің түйткілді мәселелері талқыланды. Жиын барысында музей директоры Алмас Темірбай өткен жылды қорытындылап, негізгі көрсеткіштерге тоқталып, шешуді қажет ететін сұрақтарды ортаға салды. Қор бөлімінің сақтаушысы Ольга Викторовна, көпшілік іс-шаралар бөлімінің меңгерушісі Күнсұлу Меңдыбайқызы және бас есепші Гүлнар Мұратбекқызы сөз сөйлеп, музейдің ішкі тыныс-тіршілігі мен даму бағытындағы жалпы мәселелерді көтерді. Мәжіліс соңында айтылған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қарастырылып, алдағы кезеңге нақты міндеттер белгіленді.