Бүгін Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлері №4 мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік.Елімнің ерлік жолы» атты дәріс-көрме өткізді. Жас буынды қаламыздың егемендік жылдарындағы жетістіктерімен таныстырып, олардың бойындағы патриоттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс шара барысында оқушылар мен ұстаздар назарына тақырыптық презентация мен Көкшетау қаласының өткені мен бүгінгі тыныс тіршілігі туралы мағлұмат беретін фото көрме ұсынылды.