ҰРПАҚТЫ ҰРПАҚ БІЛСІН ДЕП…

«Оқжетпестің» 18-ші санында Уәлі ханның Айғанымнан туып өскен ұрпақтарының шежіресін бергендеріңіз үшін алғысымды айтқым келеді. Мен бұл өзім білетін шежірені дайындап, газетке ұсынғанда казіргі балаларымыз шыққан тегін ғана бірін-бірі танып, білсе екен деген ойда болдым. Өйткені, біз ежелден туысшыл, бауырмал халықпыз ғой. Тек, өкініштісі, бертінгі заманда бұл касиетімізден де айырылуға жакын қалдық-ау.
Шежіремен танысқандар онда Уәлиханнын Айғанымнан ербіген қазіргі ұрпактарының өзі 60-пен 70-тің шамасындағылар екенін аңғарған болар. Ал олардан кейінгі балалар шежіреге кірмей қалған. Сондықтан, кұрметті редакция, осы шежірені толықтырып берулеріңізді сұраймын. Ұрпақты ұрпақ білгені жөн ғой.

Жанғали Құлышев, зейнеткер.
Володар селосы.

РЕДАКЦИЯДАН: Жәкен айтқандай, расында да шежірені техникалық қиындықтар болып, толық күйінде бере алмаған едік. Бүгін оны суретші Дулат Салихановтың көмегімен  қайта жасап, оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

«Оқжетпес» газеті. № 21, қараша, 1991 ж.