Бүгін Бурабай ауданы Кенесары ауылының Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебінде Республика күніне орай Көкшетау қаласының тарихы музей қызметкерлерімен ұйымдастырылған «Егемендігім – елдігім» атты дәріс-көрме өткізілді.
Көрменің мақсаты – тәуелсіз еліміздің тарихына шолу жасап, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Музей қорынан алынған тарихи суреттер оқушылардың зор қызығушылығын тудырды.
Балалар мен ұстаздар еліміздің өткені мен бүгіні жайлы тың деректермен танысып, рухани әсер алды.