Көкшетау қаласының тарихы музейінің ұйымдастыруымен М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы күні мен Егемендік Декларациясының 35 жылдығына орай «Егемендігім – елдігім» атты іс-шара өтті. А.Мырзахметов атындағы университет студенттерінің қатысуымен өткен фотокөрме – тек Көкшетаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның өрлеу жолының айқын көрінісі! Музей қорынан алынған әрбір фотосурет – Көкшетаудың қалай өзгергенін, қандай жетістіктерге жеткенін және бүгінде Ақмола аймағының заманауи, әдемі, қарқынды дамып келе жатқан облыс орталығына айналғанының куәсі.
Фотокөрмені кітапхана оқырмандары қазан айының соңына дейін тамашалай алады.