Бүгін Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледж студенттерінің назарына шығыстанушы, тарихшы, этнограф Ш.Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Ш.Уәлиханов және оның мұрасы» атты дәріс пен «Қасиет қонған құт мекен – сұлу Көкше» атты жылжымалы көрмені ұсынды.