Көкшетау қаласының тарихы музейі 2000 жылы ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Мәриям Кенжеахметқызы басшылық еткен «Көкшетау» музейлер бірлестігі құрамында құрылған болатын. Көркемдік безендіру жұмыстарымен алматылық «Заман-Ту» фирмасы айналысып, 2004 жылдың 25 қыркүйегінде Музейдің жаңа экспозициясы ашылды. Музейдің шағын бес залында қаланың құрылғанынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму кезеңдері бейнеленді.
25 жыл ішінде музей қоры көптеген жәдігерлермен толықты, бүгінгі күні қор сақтау бөлімінде 19 мыңнан астам жәдігер бар.
Бүгінгі күні Көкшетау қаласының тарихы музейі қала тұрғындары мен туристер арасында кеңінен танымал. Музей қызметкерлерімен қызықты экскурсиялар, түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі. 2021 жылы Музей ғимаратына жасалған күрделі жөндеу жұмыстарынан кейінгі экспозициясы өткен ғасырдағы қала тұрғындарының өмірі мен тұрмысынан сыр шертеді.
(Суретте — музей ұжымы 2000-2008 жылдары)