Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Зерендідегі «Сұңқар» балалар сауықтыру лагерінде “Көкше келбеті” атты интерактивті музейлік іс-шара өткізді. Еліміздің әр қалаларынан келген демалушы балалар Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдеріне арналған «Қала тарихы – ел тарихында» жылжымалы фотокөрмесімен қатар «Атадан қалған асыл мұра» атты ұлттық-этнографиялық көрмедегі бұйымдар арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнерімен, мәдениетімен, туған өлкеміздің өткен тарихымен танысты.
Сонымен қатар балалардың назарына «Ата Заң – асыл мұраттар бастауы» атты дәріс ұсынылды. Интерактивті ойын-викторинаға белсенді қатысқан жасөспірімдер ел тарихы бойынша білімдері мен өз өнерлерін ортаға салды.