«Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі — Г.С.Қарпықова музейге өзінің тарихы бар сандықты сыйға тартты.
1965 жылы ақпанда бұл сандық Ищанова Айнұрдың үлкен қызы – Раисаға үйлену тойына қыз жасауымен берілді. Оның ішінде тек тұрмыстық заттар ғана емес, сонымен қатар үлкен, тату отбасының жан дүниесінің бір бөлігі – өрнекті кілемдер, перделер немесе отбасылық әшекейлер болған шығар. Енді бұл жәдігер музейіміздің қорын толықтырып, дәстүрлер мен отбасылық ошағының жылуы туралы естелігін сақтайды.



