Жазғы айларда балалар мен жасөспірімдер демалыстарын қызықты да ұтымды өткізуі үшін Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлерімен түрлі форматтағы музейлік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осы мақсаттағы кезекті іс-шара бүгін, 2 шілде күні Зерендідегі «Сұңқар» балалар сауықтыру лагерінде өткізілді. «Құт мекенім- Көкшетауым» және Астана күніне арналған «Ел жүрегі-Елордам» атты интерактивті музейлік іс-шара барысында демалушы балалар жылжымалы этнографиялық көрмедегі бұйымдар арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнерімен, мәдениетімен, Көкшетау және Астана қалаларының құрылу және даму кезеңдеріне арналған фотокөрме-дәріс арқылы туған өлкеміздің тарихымен, бүгінгі күнгі тыныс-тіршілігімен танысып викториналық сұрақтарға жауап берді.